русский язык
Бокс

Александр Поветкин: «Кличко – әлемдегі ең үздік боксшы»

Александр Поветкин: «Кличко – әлемдегі ең үздік боксшы»

Ресейлік боксшы Александр Поветкин  кешегі жекпе-жектен кейін Владимир Кличконы әлемдегі ең үздік боксшы деп атады.

- Не деймін? Кездесу ойдағыдай өткен жоқ, бірақ еңсемді ешқашан түсірмеймін. Владимир – әлемдегі ең үздік боксшы. Бүгінде ол менен әлде қайда мықты, - деді Поветкин.

Естеріңізге сала кетсек, қазанның 6-сы күні Мәскеудегі «Олимпийский» кешенінде Поветкин Кличкодан жеңіліс тапты. Кездесу барысында ресейлік спортшы бірнеше рет нокдаунға түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;