Суперкубок-2018: Билеттер сатылымға шықты

news-banner7
mobile-news-top
Ел чемпионы «Астана» және Қазақстан Кубогының иегері «Қайрат» футбол клубтарының арасындағы 2018 жылдың футбол маусымын ашатын Қазақстан Республикасының Суперкубогына билеттер сатылымының басталды хабарлайды, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.
Ойын 2018 жылдың 4 наурызында елордалық «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесудің басталуы – 15:00-де.
Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтында (сатып алуға сілтеме) және Астана қаласындағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінде сатып алуға болады.
Жанкүйерлер үшін қол жетімді билеттер бағасы қарастырылған:

- Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік трибуналардағы барлық секторларға – 500 теңге
- Батыс трибунадағы W1, W2, W8 секторларына және Батыс трибунасындағы 2 қабаттың барлық секторларына – 800 теңге
- Батыс трибунасы (1 категория): W3, W4, W5, W6, W7 секторлары – 1000 теңге.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер