Қазақстан Суперкубогы: ойындарда қызмет еткен төрешілер

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Суперкубогына қатысты тақырыпты жалғастыра отыра Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы беделді трофей үшін ойындарда жұмыс жасаған барлық төрешілерді еске алады.

Қазақстан Суперкубоктарында төрешілік жасаған мамандардың ішінде екеуі шетелден келген.
2008 жылы «Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы Суперкубок үшін ойында Өскемендік төреші Павел Салий қызмет етті. Оның көмекшілері ретінде көкшетаулық Олег Самойлов және қызылордалық Серік Жаппасбаев таңдалды. Кездесу барысында Салий ойыншыларға сары қағазды 7 рет көрсетті.
2010 жылғы маусымда Суперкубок үшін «Ақтөбе» мен «Атырау» таласқан болатын. Бұл кездесуге тағы да бір өскемендік төреші Руслан Дүзмамбетов тағайындалды. Оның көмекшілері болып Павлодарлық екі төреші таңдалды – Андрей Попов және Рустам Сүйінов.
Кездесу барысында Дүзмамбетов сары қағазды тек бір рет қолданды – «мұнайшылардың» қорғаушысы Владимир Седельников жазаланған болатын.
2011 жылы суперкубоқтық ойынға Алматыдан Айдын Рахымбаев шақырылды. Естеріңізге сала кетейік, сол маусымда беделді кубок үшін «Тобыл» мен елордалық «Локомотив» кездескен. Алаң қапталында Рахымбаевқа қарағандылық Василий Бондарь және қызылордалық Серік Жаппасбаев көмектескен болатын.
Рахымбаев 4 ойыншыға ескерту жасады.
Бір жыл өте келе «Шахтер» мен «Ордабасы» арасындағы суперкубоктық шайқасқа Руслан Дүзмамбетов бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті. Ал оның көмекшілері ретінде екі жыл бұрын суперкубоктық ойында бірге жұмыс жасаған Попов пен Сүйінов шақырту алды.
Бұл жолы Дүзмамбетов ескерту қағаздарын көрсетуге жасқанбады – қарағандылық және шымкенттік футболшылар 5 сары қағазына ие болды.
2013 жылы суперкубоктық кездесуде «Шахтер» мен «Астана» кездесті. Бас төреші ретінде павлодарлық Игорь Хисамутдинов шақырту алды, көмекшілері болып беделді трофей үшін ойындарда екі рет жұмыс жасаған Попов пен Сүйінов аталды.
Ойын нәтижесінде «жазаланғандар» қатарына 4 ойыншы кірді.
2014 жылғы маусымда суперкубоктық ойынға Дүзмамбетов үшінше рет тағайындалды. Кубок үшін шайқасқан «Ақтөбе» мен «Шахтер» болатын. Тәжірибелі Дүзмамбетовтың көмекшілері болып алматылықтар таңдалды – Сергей Васютин және Самат Тергеусізов.
2015 жылғы маусымда Суперкубок тарихында алғаш рет шетелден төрешілерді шақыру жаңа жұмыс тәжірибесі енгізілді. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесуге Әлем және Еуропа Чемпионаттарында жұмыс жасау тәжірибесі бар швециялық Йонас Эрикссон тағайындалды.
Эрикссон ойыннан кейінгі хаттамаға сары қағаз алған бір ғана футболшыны кіргізді.
Шетелдік төрешілерді шақырту үрдісі 2016 жылы өз жалғасын тапты. Бұл жолы «Астана»-«Қайрат» кездесуіне Равшан Ирматов бастаған өзбекстандық төрешілер бригадасы шақырылды. Ирматов - Әлем Чемпионаты, Конфедерация Кубогы және Олимпиада ойындарында жұмыс тәжірибесі бар әлемге танымал маман.
Өзбекстандық төрешіге ойын барысындағы қызуды және футболшылардың таласынан пайда болған ұшқынды сары қағаздармен «сөндіруден» басқа амалы болмады. Нәтижесінде Ирматов кездесуге қатысқан ойыншыларды 7 рет жазалады.
Өткен маусымда Суперкубокта бас төреші болып қарағандылық Артем Кучин таңдалған болатын. Оның бригадасына Атыраудан Анатолий Ходин және Тараздан Евгений Бельский шақырылды. Сонымен қатар, кездесуге бас төрешінің қосалқы көмекшілері Данияр Сахи және Денис Измайлов тағайындалды.
Матч кезінде Кучин 6 ойыншыны жазалап, алаңнан Исламбек Қуатты қуды.
Қазақстан Суперкубогының ойындарында (2008 ж. бастап) қызмет еткен бас төрешілер:

Руслан Дүзмамбетов (Өскемен) – 3 тағайындалды

Бір реттен тағайындалған төрешілер:
Павел Салий (Өскемен), Айдын Рахымбаев (Алматы), Игорь Хисамутдинов (Павлодар), Йонас Эрикссон (Швеция), Равшан Ирматов (Өзбекстан), Артем Кучин (Карағанды).
Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер