Футзал

Сергей Белокуров: «Ақтөбе» командасы бапкерінің білгірлігі анық байқалады 

news-banner7
mobile-news-top

«Жетісу» ШФК бас бапкері ақтөбеліктермен болған ойынды қорытындылады.

-Қиын ойын болды. «Ақтөбе» сапында негізгі құрамның үш ойыншысы болмаса да, Ақтөбеде ойын оңайға түспейтінін біз жақсы білдік. «Ақтөбе» - қосалқы құрамы да, жас ойыншылары да жақсы команда. Бұл командадан сауатты бапкердің жұмысы көрінеді. Мен бүгін қарсыластан басым түскенімізге ризамын, бірақ көптеген ойын сәттеріне көңілім толмады. «Ақтөбені» жақсы ойындары үшін құттықтаймын. Бүгін тең ойын болды. Біз бәлкім плей-офф ойындарында кездесетін болармыз – ол кезеңдегі матчтар да бір голға дейін болатын секілді. Мен бүгін өз ойыншыларымның ойынына көңілім толмады, әсіресе, қорғаныстағы ойынымызға риза емеспін, ойынды сараптайтын боламыз. Бірақ, ойын нәтижесіне риза екенімді тағы да қайталап айтамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер