Футзал

Олег Солодовник: Валенко, Джонатан және Ақбалықовтардың орны ойсырап тұрды 

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» ШФК бас бапкері «Жетісумен» өткен ойын жайлы пікір білдірді.

-Есепті өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл біздің өз алаңымыздағы алғашқы жеңілісіміз. Матчтың өрбу барысын, қаншама мүмкіндік жасағанымызды ескерер болсақ – команданың көңіл-күйінің түсіп кеткенін айтқым келеді. Біз жалғыз голды стандарттан салдық. Ойыннан гол соғылмады. Қанша сәттер болды – бірақ жүзеге асырмадық. Сондықтан, команда атынан барша жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Олар бүкіл ойын бойы бізді алға жетелеп отырды. Бүгін біз нашар ойнадық деп есептеймін. Ертеңгі ойынға дайындаламыз. Кеткен есені қайтарып, үш ұпай алуға тырысамыз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер