Бублик Делрей-Бичте негізгі кезеңге өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Александр Бублик америкалық Делрей-Бичте өтіп жатқан ATP Delray Beach International Tennis Championships турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.
Іріктеудің финалында ол барбадостық Дариан Кингті жеңді. Кездесу 7:6 (8:6), 3:6, 6:4 есебімен үш сетте аяқталды.
Қазақстандық теннисшінің алғашқы айналымдағы қарсыласы әзірше белгісіз.