TasBet01
Әлем футболы

Бүгінге біздің болжам...

Бүгінге біздің болжам...
news-banner7
mobile-news-top

«Бетис» - «Реал»

Бірінші айналымда «Реал» өз алаңында күтпеген жерден «Бетистан» жеңіліп қалған. Кездесуде 0:1 есебі тіркеліп мадридтік команда жеңілістің кермек дәмін татқан еді. Егер сол ойында «Реал» өз мүмкіндіктеріне ұқыппен қарап, қарсылас қақпасынан саңлау тапқанда ұзақ жылдар бойы сақталып келген «Сантостың» рекордын жаңартар еді. Өткен ғасырда атақты Пеленің дәуірінде бразилиялық клуб 73 ойын қатарынан алаңнан голсыз кетпеген екен. «Реал» клубы «Бетиспен» болатын ойын алдында сол керемет жетістікті қайталап тұрған. Сол ойында бір гол салып кеткенде тарихи жетістік жасар еді. Өкінішке орай сол ойында Криштиану бастаған сұрмергендердің жолы болмай «Сантостың» рекордының мұрты бұзылмады. Дегенмен ендігі жерде бұл көрсеткіш бойынша бразилиялық ұжым жеке дара көш бастап тұрған жоқ. Ендігі жерде алаңнан ұзақ уақыт бойында голсыз кетпеген команда аталғанда «Реалдың» да аты аталатын болады.

Хош делік, ол ойын тарих қойнауына еніп кетті. Қазір қос клуб алдында басқа міндеттер жүктелген.

Бүкіл әлем «Реал» клубы үшін биылғы маусым аяқталды деп ерте тон пішіп қойған еді. Алайда ПСЖ клубымен болған ойын «Жыланды үш кессең де кесірткелік хәл болатынын» дәлелдеп берді. Ендігі жерде карольдік клуб ішкі біріншілікте де жағдайларын түзеп алуға ұмтылатыны анық. «Барселонаны» қуып жету мүмкін емес екендігі түсінікті. Дегенмен «Реал» жанкүйерлерін бүгінге дейін жерге қаратып келсе, ендігі жерде сол олқылықтың орнын толтырғысы келетін болар. Сондықтан бүгінгі ойында олар жеңіске жетуі тиіс.

Болжам: Ойындағы жалпы тотол 4-тен аз 2.07 коэфицент.

«Милан» - «Сампдория»

Биыл Еуропаның ТОП бес біріншілігін алсақ жалғыз Италияның А сериясында ғана кімнің чемпиона атанары жұмбақ күйінде қалуда. Англияда «Манчестер ситидің», Испанияда «Барселонаның», Германияда «Баварияның», Франияда ПСЖ клубының чемпион атанатынына ешкім күмән келтірмейді. Италияда чепиондық атаққа қос клуб үмітті. Аалйда бүгін біз ойынына болжам жасайық деп отырған клубымыз бұл санатқа кірмейді. Олардың алдында өз міндеттері бар.

Бір жылдары Италияда қарсылас шыдатпай, қарт құрлықта атой салып жүрген «Милан» клуб бүгіндері Еурокубок ойындарына жолдама алу үшін жанталасуда. Бүгін олар турнирлік кестеді өздерінен бір саты жоғары тұрған «Сампдория» клубын қабылдайды. Екі клуб арасын үш ұпай немесе бір жеңіс бөліп тұр. Егер бүгін «Милан» жеңіске жетіп жатса «Сампдория» клубын қуып жетеді.

Қазір «Милан» жақсы формада. Соңғы рет Италияның А сериясында өткен жылдың 23 желтоқсаныда «Аталанта» командасынан жеңілген екен. Миландық команданың тізгінін ұстаған Гаттуза бапкер өзі бір кездері намысын қорғаған клубын Чемпиондар лигасына лаып шығуды ойлайды. Олай болса бүгінгі ойында жеңіс олар үшін керек ақ.

Болжам: Алаң қожайындарының жеңісі және тотал 2,5-нан көп 2.28 коэфицент.

«Марсель» - «Бордо»

Бұл ойынның фовариті алаң қожайындары. ПСЖ клубын қуып жете алмасын білсе де «Марсель» Чемпиондар лигасына берілетін жолдамадан қағылғысы келмейді. Сол себетпі қалай да жеңіске жетуді көздейтін болар.

Болжам: Ойындағы жалпы тотол 2,5-нан көп 1.72 коэфицент.

Үш болжамның қосындысында 8.43 коэфицентке ие боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер