Қысқы

Шетелдік мамандар Полторанин Кореядан жүлдесіз қайтпайды деп есептейді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында шаңғы спортынан 10 шақырым қашықтықта ерлер арасындағы эстафетада команда лидері Алексей Полторанин сәтті өнер көрсетті. Осы сыннан кейін Алексейді шетелдік мамандар Олимпиада жүлдегері атануы мүмкін спортшылар қатарына қосып отыр, деп жазады «Хабар» телеарнасы.

Бүгін эстафетада Алексей Полторанин өз мүмкіндігін сәтті пайдаланғанымен, командаластары көшбасшылықты сақтай алмады.

Алексей Полторанин енді өзін Пхенчхан Олимпиадасында тағы бір рет сынайды. Атап айтқанда, ол еркін әдіспен 50 шақырым қашықтықты бағындыруға дайындалады. Ерлер арасында 50 шақырым қашықтықтағы масс-старт 24 ақпанға жоспарланған.

Букмекерлік кеңселер мен атақты спорт басылымдары Алексей Полторанинді үздіктер қатарында көреткен. Нақтыласақ, Америкалық Sport illustrated спорт порталының нақты болжамынша, отандасымыз Алексей Полторанин 50 шақырымдық масс-стартта Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері атануы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер