Қысқы

Олимпиада-2018: Оныншы жарыс күнінің қорытындысы

Олимпиада-2018: Оныншы жарыс күнінің қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

18 ақпанда, Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында Алты отандасымыз үш спорт түрінен бақ сынады. Алайда, олар команда қоржынына жүлде сала алған жоқ, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қазақстандық спортшылар арасынан алғаш болып жарыс жолына Игорь Закурдаев шықты. Тау шаңғысы спортынан алып слалом жарысында бақ сынаған Закурдаев бар болғаны 51-ші орыннан ғана көріне алды.

Ал шаңғы жарысының ерлер арасындағы эстафета жарысына қатысқан отандастарымыз 8-ші болып мәре сызығын кесті. Қазақстан құрамасының сапында Алексей Полторанин, Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало төрттігі өнер көрсетті.

Конькимен жүгіру спортынан бәсекеге түскен жерлесіміз Екатерина Айдова 500 метр қашықтықты 38.96 уақытта жүгіріп өтіп, 21-ші орынға табан тіреді.

Екатерина бұған дейін 1000 метрге жүгіруден 24-ші, 1500 метрге жүгіруден 18-ші орын алған болатын.

Осылайша, Олимпида ойындарының оныншы күнінде де спортшыларымыз жүлделі орынға жете алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер