Жеңіл атлетика

Әйгерім Шыназбекова Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогында топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде өтіп жатқан жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңінде 60 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды аталған федерацияның ресми сайты.

Әйелдер арасында Алматы қаласының намысын қорғаған Әйгерім Шыназбекова жеңіске жетсе, ерлерден қарағандылық Вячеслав Земс үздік шықты.

Бұл сайыс түрінен кубокта бәсекелестік жоғары бола қоймады. Құрама көшбасшылары аса қиналмай қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

17 ақпан. Жабық кешендегі Қазақстан кубогы, 2-кезең. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру. Әйелдер:

1. Әйгерім Шыназбекова (Алматы) – 8,43 сек.

2. Роксана Оспанова (Қарағанды обл.) – 8,83 сек.

3. Орынгүл Зкриенова (ШҚО) – 8,95 сек.

Ерлер:

1. Вячеслав Земс (Қарағанды обл.) – 8,07 сек.

2. Александр Мартиросов (Маңғыстау обл.) – 8,26 сек.

3. Виталий Лиценбергер (ШҚО) – 8,34 сек.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер