Жеңіл атлетика

Анастасия Ермакова жеке рекордын жаңартты

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңінде алматылық сырықпен секіруші Анастасия Ермакова өзінің жеке рекордын жаңартты.

Жақында ғана Иранда өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында топ жарған 11-сынып оқушысы спорттық карьерасындағы әзірге ең үздік нәтижені тіркеді.

Ермакова бұл жолы 3.91 метрлік биіктікті бағындырды. Бұған дейінгі ең үздік көрсеткіші – 3.81 метр болатын. Сөйтіп, 23 жасқа дейін спортшылар арасында жабық кешендегі Қазақстан чемпионатының рекордын жаңартты.

17 ақпан, жабық кешендегі Қазақстан кубогы, 2-кезең. Сырықпен секіру.

Әйелдер:

1. Анастасия Ермакова (Алматы) – 3.91 м;

2. Яна Тойбаева (Алматы) – 3.70 м.

Ал кеше ерлерден Никита Филиппов жеңіске жеткен еді. Қазақстан кубогына қарағандылық Данил Полянский қатысқан жоқ. Никита Иранда 5.40 метрлік бағындыра алмаса, бұл жолы, 5.50 метрге секірді. Екінші орындағы Михаил Буда жеңімпаздан 70 сантиметрге қалып қойды.

17 ақпан, жабық кешендегі Қазақстан кубогы, 2-кезең. Сырықпен секіру.

Ерлер:

1. Никита Филиппов (Алматы) – 5.50 м;

2. Михаил Буда (Алматы) – 4.80 м;

3. Станислав Соловьев (Алматы) – 4.60 м.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер