Қысқы

Пхенчхендағы қысқы Олимпиадада бір журналист қаза тапты

Пхенчхендағы қысқы Олимпиадада бір журналист қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

Қайғылы оқиға Пхенчхендағы медиа-ауылда орын алған. Белгісіз жағдайда 55 жастағы корейлік журналист қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Журналистің жансыз денесін қонақ үйдегі бөлмесінен тапқан. Оны оятуға келген көршісінің әрекетінен түк шықпаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оның өлі екенін хабарлаған.

Қазір қолда бар ақпарат оның ажалынан бұрын, кеудесінің ауырғанын айтып шағымданғаны ғана. Ким фамилиялы азамат «Олимпиада-2018» қысқы ойындарына жапон телеарнасының атынан келген.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы қысқы ойындар 25 ақпанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер