Жеңіл атлетика

Қазақстан кубогы: Үш спорт түрінен жүлдегерлер анықталды

news-banner7
mobile-news-top

16 ақпанда басталған жеңіл атлетикадан Жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды аталған федерацияның ресми сайты.

1500 метрге жүгіруден әйелдерден тағы да Татьяна Нерознак, ерлерден Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Саид Сулайманов жеңіске жетті.

Ұзындыққа секіруден ерлерден Тахиржан Қадырқұлов, әйелдерден Любовь Лебедева үздік шықты. Құрама үздіктері Ирина Эктова мен Мария Овчинникова қатысқан жоқ.

Сондай-ақ ядро серпуден жарақатына байланысты Иван Иванов бой көрсетпеді. Сондықтан Руслан Мұратбай бірінші орын алды. Әрине, нәтижесі өте төмен.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. Ядро серпу.

Ерлер:

1. Руслан Мұратбай (Қызылорда обл.) – 13.44 м;

2. Александр Бут (Павлодар обл.) – 13.22 м;

3. Дмитрий Зозуля (Қостанай обл.) – 12.75 м.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. Ұзындыққа секіру.

Ерлер:

1. Тахиржан Қадырқұлов (Ақмола обл.) – 7.23 м;

2. Александр Киселев (Қарағанды обл.) – 7.11 м;

3. Ринат Қайсаров (Алматы) – 7.06 м.

Әйелдер:

1. Любовь Лебедева (Қарағанды обл.) – 5.71 м;

2. Анастасия Заводина (ШҚО) – 5.56 м;

3. Марина Хусейнова (Алматы) – 5.55 м.

16 ақпан. Қазақстан кубогы, 2-кезең. Өскемен. 1500 метрге жүгіру.

Әйелдер:

1. Татьяна Нерознак (Қостанай обл.) – 4.21,69 мин.

2. Евгения Фандюшина (Павлодар обл.) – 4.34,68 мин.

3. Людмила Монина (Алматы обл.) – 4.43,76 мин.

Ерлер:

1. Саид Сулайманов (ОҚО) – 3.58,47 мин.

2. Әнуар Ерғазы (Алматы) – 3.58,56 мин.

3. Александр Тю (Алматы) – 4.01,52 мин.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер