Criminals
Футбол

УЕФА «Қайратты» «ренжіткен» албаниялық клубты қатаң жазаламақ

УЕФА «Қайратты» «ренжіткен» албаниялық клубты қатаң жазаламақ
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Еуропа лигасында алматылық «Қайратты» «ренжіткен» албаниялық «Скендербеу» клубын қатаң жазалауға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

«Скендербеу» алдын-ала келісілген ойындарға қатысқаны үшін еурокубоктық ойындардан 10 жылға шеттетіліп, миллион еуро көлемінде айыппұл төлемек.

Айта кетейік, Корчи қаласының командасы 2015/16 жылдардағы маусымда келісілген ойындарға қатысып Албания чемпионы атанған. Ал кейін «Скендербеудың» чемпиондық атағы жоққа шығарылды (тартып алынды).

Eurosport УЕФА-ның ресми құжатына сілтеме берді. Алайда, ұйым бұл құжатқа қатысты мәлімдеме жасамады.

Посмотреть изображение в Твиттере
Естеріңізге салайық, Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Скендербеу» «Қайратты» аталмыш турнирден тыс қалдырған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер