Теннис

Роджер Федерер ATP рейтингінде бірінші орынға шықты

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралы ATP 500 турнирінің Роттердамдағы сериясына (ABN AMRO World Tennis Tournament 2018) қатысып жатқан Роджер Федерер жартылай финалға шықты.

Әлемнің екінші ракеткасы ширек финалда жергілікті теннисші Хасе Робинді (42) 2:1 есебімен тізе бүктірді.

ABN AMRO World Tennis Tournament турнирінің (Голландия) жартылай финалына шыққаны үшін берілетін ұпай саны Федерерді әлемдік рейтингте бірінші орынға шығаратын болады.

ATP World Tour 500 сериясын жеңген теннисші 500 ұпай иеленеді. Ал Роттердамдағы жарыстың жүлде қоры 1 724 930 доллар.

Енді келесі апта жаңартылатын ATP рейтингінде Роджер Федерер басты қарсыласы Рафаэль Надальдан озып, көшбасына жайғасатын болады.

Дәл қазір аталған рейтингіде испаниялық 9760 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал швейцариялықтың еншісінде 9605 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер