Бокс

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық кәсіби боксшы, WBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов спорттағы карьерасын аяқтайтынын жариялады, деп хабарлайды отандық басылымдар.

«Мен карьерамды аяқтауға бел байладым. Оған негіз болған себептер аз емес. Мен 3-4 ай бойы ойланып, бүгін міне осындай шешімге келіп отырмын. Осы уақытқа дейін мені қолдап келген барша жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ бақилық болған бапкерім Александр Николаевич Лебедевке айтар алғым шексіз. Ол кісіден бөлек Рикки Хаттон, Майк Джексон, Виктор Иванов қатарлы бапкерлеріме де ризашылығымды білдіремін. Менеджерлерім Филипп Фондю мен Ерік Жайлауовқа рахмет. Аталған азаматтардың барлығы да маған жан-жақты қолдау көрсетіп келді. Кәсіби мансабымда көп жұмыс жасадым. Енді соны аяқтайтын уақыт та келген секілді», – деп мәлімдеді даңықты боксшы.

34 жастағы Жанат Жақиянов Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы. Аса жеңіл салмақта WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 29 кездесу өткізіп, 27 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Бұның 18-ін нокаутпен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер