«Құпия» ақпарат

Сейдахмет FIFA 18 симуляторында пайда болды

Сейдахмет FIFA 18 симуляторында пайда болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет EA Sports компаниясының FIFA 18 футбол симуляторында пайда болды, деп жазады Prosports.kz.

Ресей Премьер-лигасында ойнайтын «Уфа» клубымен келісімшартқа отырған жас футболшының FIFA 18 симуляторындағы көрсеткіші 58-ге тең.

Еркебұлан Сейдахмет танымал ойынға шыққан тұңғыш қазақ футболшысы. Бұған дейін FIFA 18 симуляторында әр жылда бірнеше қазақстандық ойынында шығып отырған болатын.

Айта кетейік, Еркебұлан «Монтажник» футбол клубының түлегі саналады, ал өткен маусымда «Тараздың» намысын қорғады. «Тараз» сапында 15 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

18 жасар футболшы бұған дейін «Уфамен» бірге оқу-жаттығу жиынына қатысып, жолдастық кездесулерде бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер