Жеңіл атлетика

Элина Михина мен Светлана Голендова әлем чемпионатына барады

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Өскеменде өтіп жатқан жабық кешендегі Қазақстан кубогының екінші кезеңінде 400 метрге жүгірген екі спортшы әлем чемпионатының нормативін орындады. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты хабарлады.

Әйелдер арасындағы 400 метрдің финалы аса тартысты өтті. Бұған дейінгі жарыстарда Элина Михина мен Светлана Голендова үшін әлем чемпионатының нормативін орындауға сәл ғана сәттілік жетіспей жүрген. Осы жолы екеуі де нәтижелерін жақсартып, сенімді ақтады.

Риддер қаласының тумасы Элина Михина мәреге 52.53 секундта жетсе, Светлана Голендованың уақыт көрсеткіші – 52.76 секунд. Екеуі де жеке рекордтарын жаңартты. Оның үстіне – 52.53 секунд жабық кешендегі Қазақстанның ұлттық рекорды.

Айта кетейік, жабық кешендегі әлем чемпионаты 1-4 наурыз аралығында Бирмингем қаласында өтеді. Бұған дейін әлем чемпионатына лицензияны ерлерден Михаил Литвин жеңіп алған болатын. Сондай-ақ қыздардың 4х400 метрлік эстафеталық құрамасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер