Футзал

Олег Солодовник: Жастар біздің спорттың тарихын білулері керек

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» ШФК бас бапкері Олег Солодовник «Движение вверх» фильмін бірге көру командаға не бергенін, команданың ҚР чемпионатының ойындарына дайындығы жайлы ойын ортаға салды

-Бұл команданың ынтымағы үшін жақсы нәрсе. Залдағы жаттығу мен команда болып мәдени іс-шараға қатысу екеуі екі бөлек дүние – бұл сөзсіз команданың бір серпіліп, чемпионаттағы маңызды ойын алдында жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ал жастар біздің спорттың тарихын білулері керек. Кеңес құрамасының драмаға толы матчта баскетболдан Олимпиада чемпионы атануы... Біз өз батырларымызды білуіміз керек.

-Алда бізді Сіз өзіңіз айтып өткен ел чемпинатының ойыны күтіп тұр. Жексенбі мен дүйсенбі күндері «Ақтөбе» «Жетісумен» ойнайды. Команда аталған ойындарға қалай дайындалып жатыр?

-Дайындық ойдағыдай. Бар ойымыз – тек жеңіске жету. Құрамда аздаған проблемалар бар, бірақ біз өз алаңымызда ойнайтын болғандықтан, өз жанкүйерлеріміз алдында жеңіс үшін ойнаймыз. Қарсыламымыз қарымды. Талдықорғандық команда қазір чемпионатта көш бастап тұр – мен олардың құрамы мықты екенін бұрыннан айтып келемін. Біздің жеңуден басқа амалымыз жоқ. Көрерміз. Жаттығулар күніге екі мезгіл болып жатыр. Сенбі күні базаға ауысамыз. Ол жақта теория өтеді. Бәрі жоспар бойынша болады.

-Альберт Ақбалықов жарақатынан қашан айығады?

-Өкінішке орай, плей-офф ойындары қарсаңында Ақбалықов жарақаттанды. Альберт – біздің командамыздың белді ойыншыларының бірі. Гипсін тек 26-шы наурызда алады. Біздің дәрігер тез арада Ақбалықовты аяғынан тік тұрғызады деп үміттенем. Бәрі жақсы болып жатса, плей-офф ойындарын үлгеріп қалар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер