Criminals
Футбол

Стоилов: Біздің демеушілерімізге «Астананың» керегі жоқ сияқты

Стоилов: Біздің демеушілерімізге «Астананың» керегі жоқ сияқты
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының 1/16-финалында «Спортингтен» жеңілген «Астананың» бас бапкері Станимир Стоилов елордалық клубтағы қаржылық былықтарды жайып салды.

«Португалияда да біз өз ойынымыздан таймауға тырысамыз. Бірақ, мәселенің ашығына көшуіміз керек. «Спортинг» қысқы трансферлік кезеңде құрамын керемет күшейтіп, бас-аяғы 40 миллион евроның трансферін жасады. Ал біз Перцух, Зайнутдинов және «Шахтердің» жартылай қорғаушысын алдық. Яғни, команданы күшейте алмадық. Оған шама болмады. Футболшы сатып алатын ақша жоқ. Былтырдан бері футболшылар өздерінің сыйақыларын алған жоқ. Біздің демеушілерімізге «Астананың» керегі жоқ сияқты. Осыдан кейін футболшылардан не талап етесің? «Неге дұрыс ойнамадың?» деп Юраға (Логвиненко – авт) қалай ұрсасың?..

Футболшылар былтырдан бері ғана емес, 2016 жылдан бері сыйақыларын ала алған жоқ. Сол кездегі Қазақстан кубогы үшін бізге ешқандай сыйақы бермеді. Дегенмен, ұлттық құрамаға да сұранып тұрған жоқпын. Өйткені, футболды клубтық деңгейде көтере алмасақ, құрама дәрежесінде қандай да бір жетістікке жету қиын. Сондықтан, алдымен клубтық футболды көтеріп алайық. Бар нәрсені бағалауымыз керек. «Астананы» құртып алсақ, онда дәл осындай команданы қайта құру өте қиын болады. Мұндай клубты қолдау қажет. Мен Қазақстанға ұлттық құраманы жаттықтыру үшін оралған жоқпын. Қазақстанда футболды жоғары деңгейге көтергім келеді. Әйтпесе, үйде жата берер едім. Ұлттық құраманың бас бапкері болмас бұрын осы мәселені ойлау қажет. Өзім сұранып тұрған жоқпын. Ал мені ұлттық құрамада көргісі келсе, сайттар арқылы емес, жеке шықсын», - деп сөзін түйіндеді болгариялық маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер