Kazakh Bet
Әлем футболы

Наполи - Лейпциг: Қос көшбасшының текетіресі

Наполи - Лейпциг: Қос көшбасшының текетіресі
news-banner7
mobile-news-top

Астана мен Спортинг арасында матчқа берген болжамымыз сәтті өтті. Елордалық клубтың ойыншысы Марин Томасов бар болғаны 7-ші минутта гол соқты. Осылайша, жеңіс бізді ұзақ күттірген жоқ. Енді Еуропа Лигасының өзге де ойындарына болжамды ұсынамыз.

Италияның Наполи командасы немістің Лейпцигін қабылдайды. Екі команда да өз чемпионаттарында көшбасшы. Наполи Серия А-да бірінші орында келе жатса, Лейпциг Бундеслигада Бавариядан соң екінші сатыға жайғасқан. Еуропа Лигасының 1/16 финалындағы матч тартысты өтпек. Дегенмен жолдаманың тағдыры қарымта матчта шешіледі. Ал бұл матчта Наполи жеңісті қолдан бере қоймас.

УЕФА Еуропа Лигасы. Плей-офф. 1/16 финал. Бірінші матчтар.

Наполи - Лейпциг: Наполи (0) форамен жеңеді - 1.52

Екінші болжам - экпресс болады. Боруссия Дортмунд өз алаңында Аталантаның қақпасына гол соқпай кетпес. Бірінші болжам - Боруссия Дортмунд гол соғады. Ал екінші болжамға Марсель мен Брага арасындағы ойынды алдық. Франциялық команда жанкүйерлерін жерге қаратпауға тиіс. Сол себепті Марсель жеңілмейді және матчта 1,5 голдан артық соғылады деген болжам алдық. Тағы бір франциялық ұжым - Ницца мәскеулік Локомотивке қарсы матч өткізеді. Қос команда да тегеруінді. Тартысты өтетін матчта алаң иелері - Ницца гол соғады.

УЕФА Еуропа Лигасы. Плей-офф. 1/16 финал. Бірінші матчтар.

Боруссия Дортмунд - Аталанта: Боруссия Дортмунд гол соғады - 1.19

Марсель - Брага: 1X және тотал 1,5 көп - 1.39

Ницца - Локомотив Мәскеу: Ницца гол соғады - 1.3

Жалпы коэффициент - 2.15

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер