Хоккей

Жас хоккейші жаттығу кезінде қайтыс болды

news-banner7
mobile-news-top

14 ақпанда Ресейде 11 жасар бала хоккей жаттығуы кезінде қайтыс болды.

Хоккей шайбасы жас спортшының мойнына тиген. Ол 2003 жылы туған хоккейшілермен бірге қосымша жаттығу жасап жүрген. Ол жаттығудан соң шашылған шайбаларды жинап жүрген кезінде ойыншылардың бірі қақпаға соққы жасаған. Қатты ұшқан шайба баланың мойын омыртқасын сындырып жіберген.

Өкінішке қарай, 11 жасар спортшы сол сәтте-ақ көз жұмды. Енді осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер