TasBet01
Әлем футболы

«Реал» - ПСЖ: Алыптар айқасы

 «Реал» - ПСЖ: Алыптар айқасы
news-banner7
mobile-news-top

Биылғы маусымда Чемпиондар лигасында топ жаруы мүмкін бес команданы ата десе сол бестікке ПСЖ да, «Реал» да кірері сөссіз.

Қос команданың екеуі де финалға лайық. Алайда жарысты тек біреуі ғана жалғастыра алады. Турнир тарихында екі жыл қатарынан топ жарып рекорд орнатқан «Реал» биыл да биік белесті бағындырсақ дейді. Испания чемпионатында «Барселона» жеке дара көш бастап келеді. Испания Кубогының финалынан да тыс қалды. Ендігі бар үміт осы Чемпиондар лигасы.

Бұл турнирден тыс қалса «Реал» бапкері Зинедин Зидан орнын босататын шығар.

ПСЖ командасының да көздегені Чемпиондар лигасы. Араб шейхтары миллиардтап ақша құйғандағы басты мақсаты Франция чемпионаты емес екендігі де түсінікті. Былтыр «Барселона» клубынан екі ойын қортындысында жеңіліп қалған. Одан бері көп нәрсе өзгерді. Футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы атанған Неймар қазір дәл осы ПСЖ командасының көшбасшысы. Бүгінгі ойында көп нәрсе Неймарға байланысты болмақ. Бразилиялық бабында болса жеке дара ойын тағдырын шешіп кете алатындығын бұған дейін бірнеше рет дәлелдеген. Оның үстіне «Реал» шау тартқан Роналдуды дәл осы Неймармен алмастыруды ойлайды. Кім біледі мүмкін, Неймар бүгін болашақ командасына қарсы жасыл алаңға шығып отырған болар.

Ал «Реалдың» жағдайы мәз емес екендігін жоғарыда айттық. Ойын сайын гол жіберу мадридтік команда үшін қалыпты жағдайға айналған. Бүгін де гол көп болатын шығар.

Болжам: ПСЖ командасының жеке тотолы 1,5-тен көп 1.9 коэфицент.

ПСЖ командасы да «Реал» да бақытын шабуылдан іздейтіні анық. Бұл дегеніміз қақпаға бағытталған соққылар саны да көп болады деген сөз. Екі команданың қақпашысы тура бағытталған соққылардың бәрін қақпасына жібере бермесі анық.

Болжам: Ойындағы бұрыштамалар саны 11.5 –тен көп 2.08 коэфицент.

Екі болжамның қосындысында тұп-тура 4 коэфицентке ие боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер