Criminals
Футбол

Габи, Эрерра және тағы 30 футболшы екі жылға абақтыға қамалмақ

Габи, Эрерра және тағы 30 футболшы екі жылға абақтыға қамалмақ
news-banner7
mobile-news-top

Испания прокуратурасы жеті жыл бұрын өткен «Леванте» – «Сарагоса» (1:2) кездесуінің тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz.

Айыптаушы орган примера ойынын алдын-ала келісілген деп шешті. Прокуратура қызметкері сот отырысында кездесудің қатысушыларын екі жылға бас бостандығынан айырып, алты жыл футболдан шеттетуді талап етті. Аталмыш іс бойынша 30 футболшыға кінә тағылуда.

Дереккөздің хабарлауынша, «Сарагосаның» өкілдері қарсыласты жеңу үшін 965 мың еуро төлеген. Нәтижесінде, памплондықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, элиталық дививзионда қалған болатын.

«Мен клуб талабын орындадым», – мадридтік «Атлетико» клубының капитаны Габи.

Айта кетейік, айыпталушылар қатарында «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Андер Эррера, «Лестер» ойыншысы Висенте Иборра, «Сарагосаның» бұрынғы бапкері Хавьер Агиррелер бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер