Велоспорт

Марина Курносова Азия құрлығының ең мықты велошабандозы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Велоспорт бойынша Азия чемпионатының қыздар арасындағы жеңімпазы Марина Курносованы жанкүйерлер Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, велоспорттан Азия чемпионаты 8-12 ақпан аралығында Нейпьидо (Мьянма) қаласында өтті. Жарысқа 30-дан аса елдің спортшылары қатысты.

Астанадағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі өзінің спорттық карьерасында Азия юниор біріншілігінде алтын медальді жеңіп алды.

Спортшының жеке жаттықтырушысы Владимир Березиннің айтуынша, Марина жарысқа үш ай дайындалған.

«Осы чемпионатқа біз үш ай дайындалдық, алдымызға тек қана бірінші орын аламыз деген нақты мақсат қойдық. Марина – сирек кездесетін талантты, еңбекқор және алғыр қыз. Мен оған сендім және ол үмітімізді ақтады», – дейді жаттықтырушы.

Айта кетейік, Марина Курносова – ҚР спорт шебері, 2017 жылы жастар ойынының чемпионы, 2016, 2017 жылдың шоссе мен тректен ҚР чемпионы, өткен жылы Азия чемпионатында спортшы 2-орынды иемденген болатын.

Түпнұсқасы: http://astana.gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер