Жеңіл атлетика

Ольга Рыпаковаға Әлем чемпионатының қола жүлдесі табысталады

Ольга Рыпаковаға Әлем чемпионатының қола жүлдесі табысталады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованы наурыз айының басында өтетін жабық кешендегі Әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінде Рыпаковаға 2008 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдесі табысталатын болады.

Айта кетейік, былтыр 2008 жылы Валенсияда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Әлем чемпионатының допин-сынамалары қайта қаралған болатын. Сол кезде үш қарғып секіруден күміс жүлде алған грек қызы Хрисопийи Деветцидің допинг қолданғаны анықталды. Ольга Рыпакова бұл біріншілікте 14.58 метрге секіріп төртінші орын алған болатын.

Ол кезде Әлем чемпионатында бірінші орынды – кубалық Яргелис Савинье (15.05), екінші орынды – Деветци (15.00), үшінші орынды – Мария Шестак (Словения, 14.68) алған еді. Енді Рыпакова бір сатыға көтеріліп, қола жүлдеге ие болып отыр.

IAAF Қазақстан жеңіл атлетика федеациясына Ольга Рыпакованы әлем чемпионатына шақыру жөнінде ресми хат жолдаған болатын. Әлем чемпионаты 1-4 наурыз аралығында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Барлық шығынды IAAF өз мойнына алып отыр.

Бұған дейін Хрисопийи Деветци 2008 жылғы Пекин Олимпиадасындағы қола жүлдесінен айырылып қалған болатын. Ол медаль да қазақстандық Рыпаковаға берілетіні туралы шешім шыққан.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер