Футзал

Футзалшыларымыз ұлттық құрамадағы атаулы матчтарын өткізді

Футзалшыларымыз ұлттық құрамадағы атаулы матчтарын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

30 қаңтардан 10 ақпанға дейін Словенияның Любляна қаласында өткен футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алды.

Бір қызғы чемпионат барысында алаңға шыққан ұлттық құраманың барлық ойыншылары өздерінің атаулы матчтарын өткізген екен.

Атап айтар болсақ, команда капитаны Дінмұхамет Сүлейменов Ресей құрамасымен үшінші орын үшін өткен ойында ұлттық құрама сапындағы 85-ші кездесуін өткізді. Бұл біздің бас командамыз үшін рекордтық көрсеткіш.

Испания құрамасмен өткен жартылай финалдық ойында Серік Жаманқұлов 55-ші, Дуглас 40-шы, Тайнан 5-ші кездесуін өткізген.

Ширек финалда Сербияға қарсы алаңға шыққан Григорий Шамро бас командадағы 60-шы, Біржан Оразов 15-ші, Дәурен Тұрсағұлов 10-шы ойынын өткізді.

Ресей құрамасымен топтық кезеңде өткен матчта Александр Довгань ұлттық құрама сапында 60-шы, Шыңғыс Есенаманов пен Игита 45-ші кездесулерінде алаңға шықты.

Ал Польша футзалшыларымен өткен ойын Михаил Першин үшін 65-ші, Павел Таку үшін 50-ші, Дәурен Нұрғожин үшін 45-ші кездесу болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер