Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

«Барселона» қақпасына екі жыл бойы пенальти белгіленген жоқ

«Барселона» қақпасына екі жыл бойы пенальти белгіленген жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Испания Ла лигасында тура екі жыл бойы «Барселона» командасының қақпасына пенальти белгіленген жоқ.

Каталониялықтарға қарсы 11 метрлік айып добы соңғы рет 2016 жылы 14 ақпанда берілді. «Барселона» 6:1 «Сельта» кездесуінде Жорди Альба «Сельта» шабуылшысы Гвидеттиге қарсы ойын тәртібін бұзып, төреші пенальти белгілеген болатын.

Содан бері «Барселона» командасы Ла лига аясында 76 кездесу бойы төрешінің кәріне ілікпей келеді.

Осы уақыт аралығында испаниялық төрешілер ел біріншілігінде 224 пенальти белгілеген екен. Екі жыл ішінде өз айып алаңында ойын тәртібін ең көп бұзған «Валенсия» мен «Сельта» ойыншылары. Екі команданың қақпасына да 18 реттен жаза добы берілген.

Мадридтік қос мықты «Реал» мен «Атлетико» да бұндай жазаға жиі ұшырап отырған. Алғашқысының қақпасына 8, соңғысының қақпасына 7 мәрте пенальти белгіленген екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер