Жеңіл атлетика

Наурыз айында қазақстандық жеңіл атлеттер қатысатын халықаралық жарыстар

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетика жанкүйерлеріне қазақстандық спортшылар қатысатын алдағы халықаралық жарыстарды ұсынамыз, деп жазады Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Наурыз айының алғашқы аптасында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында жабық кешендегі әлем чемпионаты өтеді. Қазақстаннан әлем чемпионатының нормативін тек Михаил Литвин орындаған. Енді Өскемендегі Қазақстан кубогында өзге спортшылар талаптанып көреді.

ҚР жеңіл атлетика федерациясы құрамында Виктория Зябкина, Элина Михина, Светлана Голденова, Аделина Ахметова өнер көрсететін 4х400 метрлік эстафета құрамасын қатыстыруды көздеп отыр.

Одан кейін 15 наурызда Қытайдың Гуйян қаласы кросстан Азия чемпионатын қабылдайды. Алдын-ала мәлімет бойынша бұл жарысқа біздің елден 3 атлет барады.

20 наурызда спорттық жүрістен Азия чемпионаты өтеді. Атлеттер 20 шақырымға жарысады. Бұл жарыс биыл да Жапонияның Номи қаласында болады. Жерлесіміз Георгий Шейко бұған дейін 2016 жылы қола, 2017 жылы күміс медаль жеңіп алған еді.

Ал марафоншылар Испанияға барады. 24 наурыз күні Валенсияда жартылай марафоннан әлем чемпионаты өткізіледі. Федерация дүниежүзілік додаға ерлерді де, әйелдерді де қатыстыруды көздеп отыр. Әзірге әлем чемпионатына баруға 9 кандидат үміткер.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер