TasBet01
Әлем футболы

«Челси» тағы ұтыла ма?

«Челси» тағы ұтыла ма?
news-banner7
mobile-news-top

«Челси» - «Вест Бромвич»

«Челси» өткен маусымда қарсылас біткенді қоғадай жапырып мәреге жеке дара келген болатын. Биыл «Челсидің» орнын «Манчестер сити» клубы басты. Ал лондондық команда маусым басында «Манчестер ситиге» басты бәсекелес атанатындай көрінген. Алайда «ақсүйектердің» соңғы ойынына қарап олай дей алмай қалдық.

«Уотфорд» пен «Борнмутты» «Челси» жаяу жүріп ұтуы тиіс болатын. Аталған екі клуб та лондондықтарды ірі есеппен жеңіп кетті. Ендігі кезек «Вест Бромвич» клубына келгенмей ма қалай?

Бұл ойында жеңілсе бас бапкер Антонио Конте қызметінен кетіп қалуы да ғажап емес. Клуб қожайыны Роман Абрамович үшін бапкер ауыстыру бас ауыртатын шару емес. Сондықтан Конте қызметте қалуды ойласа бүгін ойыншыларына қалай да жеңіске жетудің жолын көрсетуі тиіс. Оның үстіне АПЛ-дың соңғы командасын жеңе алмаса жанкүйерлердің де ойыншыларға деген өкпесі қара қазандай болмақ.

Ал «Вест Бромвич» үшін әрбір ұпай маңызды. «Стэмфорд Бриджде» жеңіске жетудің оңтайлы тұсы келіп тұрғанын олар да сезеді. Сондықтан қос команда да қорғанысқа қарағанда шабуылды көбірек ойлап, қарсыласқа қарағанда бір гол болса да артық соққысы келетіні анық.

Болжам: Жалпы тотол 3.5-нан көп - 3.14 коэфиценті.

Қос команда қатарында дөрекі ойыншылар жеткілікті. Бүгінгі ойында сары қағаз да көп болуы тиіс. Алаң қожайындары бірінші гол соғып алса сол есепті ұстап қалу мақсатында көп тәртіп бұзуы мүмкін.

Болжам: Сары қағаз саны бойыншы 0 форамен алаң қожайындарынің жеңісі - 3.6 коэфицент.

Қос болжамның қортындысында 11.53 коэфицентке ие боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер