Criminals
Басқа

Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот процессі өтуде

Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот процессі өтуде
news-banner7
mobile-news-top

Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Депутаттық корпус» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі М.Ш.Тоқмәдиге қатысты қылмыстық істің алдын ала тыңдау процессі өтті, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Әуесқой триатлон федерациясының президенті Тоқмәди мырзаның үстінен ҚРҚК 96-шы, яғни «Адам өлтіру» бабының 2 тармағы «ж, з» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Нақтырақ айтсақ, М.Ш.Тоқмәди «Банк Тұран Алем» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Е.Н.Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, сонау 2004 жылы Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті аң аулау кезінде мылытығымен атып өлтірген. Кейін «абайсызда» мылтығымның шүріппесін басып алдым деп ақталған қылмыс әлемінің серкесі бір жылда соттан құтылып, күтпеген жерден «ҚазШыныҚұрылыс» зауытының басышсы да атанған болатын.

Айта кетсек, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты «ҚазШыныҚұрылыс» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер