Қысқы

Олимпиада-2018: 13 ақпанға арналған жарыс кестесі

Олимпиада-2018: 13 ақпанға арналған жарыс кестесі
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz назарларыңызға сейсенбі, 13 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынады.

Классикалық стильде жекелей спринт жарысы өтеді. Алексей Полторанин дәл осы жарыста Олимпиададағы ең үлкен нәтижесіне қол жеткізген болатын. 2010 жылы Ванкуверде ол 5-ші орын алған еді.

Егер ауа-райы бірқалыпты болса, Игорь Закурдаев тау шаңғысы жарысында алғашқы рет жарыс жолына шығады. Ол Альпі комбинациясы бойынша бақ сынасады.

Конькимен жүгіру жарысында Федор Мезенцев пен Денис Кузин 1500 метр қашықтықта сынға түседі.

Шорт-трекшілерімізге ертең тағы бір мүмкіндік берілмек. Біз ерлер арасындағы эстафетаға үміт артып отырмыз.

Тау шаңғысы

8:30 Ерлер. Альпі комбинациясы

Игорь Закурдаев

Шаңғы жарысы

14:30 Ерлер/Әйелдер. Жекелей спринт. Іріктеу

17:00 Ерлер / Әйелдер. Жекелей спринт. Финал

Алексей Полторанин, Денис Волотка, Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева

Шорт-трек

16:00 Ерлер, 1000 м. Іріктеу

Нұрберген Жұмағазиев

17:30 Ерлер. Эстафета. Іріктеу

Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов

Конькимен жүгіру спорты

17:00 Ерлер, 1500 м

Федор Мезенцев, Денис Кузин

Астана уақыты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер