Қысқы

Олимпиадаға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесіне қонып жүр

Олимпиадаға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесіне қонып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиадаға бара жатқан қазақстандық жанкүйерлер Оңтүстік Кореяда Инчхон халықаралық әуежайында қамалып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайт туралы Корея әуежайынан шыға алмай қалған қазақстандық Жазира Таубалдинова мәлім етті. Оның айтуынша, қазақстандық жанкүйерлердің онда жүргеніне екі күн болған.

«Біз 10 ақпанда келдік. Өз қаражатымызбен тексерілуге және соған қоса, Олимпиада ойындарын тамашалау үшін келгенбіз. Сенбіден бері әуежай аумағында жүрміз. Үстелдерде ұйықтап, асханадан тамақ ішіп жатырмыз, алайда ас мәзірінің көп тамақтарын жей алмаймыз. Барып қайтатын билеттерді, қонақүй бронын көрсеттік, алайда бізді өткізбейді. Себебін де түсіндірмейді. Билеттеріміз бен төлқұжаттарымызды жинап алды. Бізді жертөлеге жіберді, шамамен 20-30 шақты қазақстандық азамат осы жерде жүр», - дейді қыз бала.

Кейін белгілі болғандай, Оңтүстік Кореяға кіре алмай қалған қазақстандықтардың көбі Олимпиаданың жалған билеттерін көрсеткен болып шықты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз-қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Оңтүстік Корея иммиграциялық қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, елге кіре алмай қалған қазақстандықтардың басым бөлігі Олимпиадаға жалған билет көрсетіп, сапар мақсатын дәл айта алмаған. Сондықтан, оларға елге кіруге рұқсат етілмеген», - деді Жайнақов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер