Футзал

ЕУРО-2018: футзалдан Қазақстан құрамасының барлық голы

ЕУРО-2018: футзалдан Қазақстан құрамасының барлық голы
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz назарларыңызға футзалдан Словенияда өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы соққан барлық голдардың видеосын ұсынады.

Какау шәкірттері топтық кезеңде поляктарды 5:1 есебімен тас-талқан етіп, кейін Ресеймен тең түсті – 1:1. Ал ширек финалда Сербия командасын 3:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда Испаниямен 5:5 болып, тек пенальти сериясында ғана ұтылып қалған болатын. Ал «қола» үшін кездесуде Ресей құрамасымен тағы да кездесіп, минималды есеппен жеңіліп қалды – 0:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде алты матч өткізіп, 14 гол соқты. Ал өз қақпасына 8 гол жіберген.

Біздің команда сапынан Дуглас төрт гол соқса, Тайнан мен Серік Жаманқұлов үш реттен мергендік танытты. Ал Біржан Оразов, Михаил Першин, Павел Таку мен Игита бір рет қанжығаларын майлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер