Қысқы

Букмекерлік кеңсе: Рейхерд Олимпиаданың күміс жүлдегері атанады

Букмекерлік кеңсе: Рейхерд Олимпиаданың күміс жүлдегері атанады
news-banner7
mobile-news-top

Букмекерлік кеңселер бүгін Пхенчхан Олимпиадасында өтетін фристайлдан жекелей могул жарысына болжам жасады.

Бұл сайыстың айқын фавориті канадалық Микаэль Кингсбери болып тұр. Ол жүлделі орын алады дегенге 1.02 коэффициент қана ұсынылған. Ал жеңімпаз атануына – 1.35 коэффицент.

Ал фавориттер қатарында екінші орында қазақстандық Дмитрий Рейхерд тұр. Ол жүлде алады деген болжамға 1.8 коэффициент берілген. Ал жеңімпаз атануына сеніңкіремейтін секілді – 7.5 коэффициент.

Рейхердке жүлде жолында Кингсбериден бөлек, жапониялық Икума Хорисима, аустралиялық Мэтт Грэм, ресейлік Александр Смышляев және тағы бір жапон Сё Эндо бәсекелес болуы ықтимал. Бірақ бұл спортшыларға қарағанда қазақстандық фристайлшының мүмкіндігі жоғары бағаланып отыр. Демек, Рейхерд Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанады деп күтеді.

Ал қазақстандық тағы бір фристайлшы Павел Колмаков жүлде алады деген бәске – 9.5 коэффициент ұсынылған. Ал жеңімпаз атанатынына мүлдем сенбейді – 38 кф.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер