Футзал

Қазақстанның жолын кескен Испания финалда ұтылды

Қазақстанның жолын кескен Испания финалда ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Словенияда футзалдан Еуропа чемпионаты өз мәрсіне жетті, деп хабарлайды prosports.kz.

Финалда сайысқан Испания құрамасы мен Португалия командасы әсерлі ойын көрсетіп, кім мықтын анықтады. Любляна төріндегі кездесу португалиялықтардың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 3:2 (негізгі уақыт — 2:2). Жеңімпаздар сапынан Рикардиньо (1-ші минут) және Бруну Коэлью (39-шы және 50-ші) көзге түссе, испаниялықтардан Марк Тольра (19-шы) мен Лин (32-ші) дәл соққы жасады.

Осылайша, «Ла Рохе» өз титулын қорғап қала алмады. Ал Португалия болса тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанды.

Естеріңізге салайық, жартылай финалда Испания өте қызықты ойында Қазақстан құрамасын ұтқан болатын. (4:4 — негізгі уақыт, 5:5 — қосымша уақыт, 3:1 — пенальти).


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер