Criminals
Бокс

Уайлдер: Бірінші жекпе-жекте «Канело» жеңіске жетті

Уайлдер: Бірінші жекпе-жекте «Канело» жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің теке-тіресі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды prosports.kz.

— Бірінші жекпе-жекте «Канело» жеңіске жетті. Екінші айқаста жеңіс кімге бұйыратынын көреміз. Бірінші кездесу керемет болды. Меніңше, «Канело» дәл соққылар көп жасады, ал Головкиннің соққылары қиыс кетіп жатты. GGG да жақсы боксшы. Адамдарға трилогия ұнайды. «Канело» мен GGG-дің стильдері керемет болғандықтан олардың қатысумен өтетін айқастар әрдайым тартымды өтеді. Сол себепті, үшінші кездесу болады», деді —Уайлдер.

Естеріңізге салайық, Головкина - Альвареса рематчы 5 мамырда өтеді.

Деонотей Уайлдер мықты боксшы болғанымен нашаға құмарлығымен де танымал. Мәселен, полицейлер жазда боксшыны марихуана сақтағаны үшін құрықтаған болатын. Кейін оның қорғаушысы кепілдікке үлкен ақша төлеп шығарды. Ал бірнеше күн бұрын оның қылмыстық ісіне қатысты үкім шықты. Нәтижесінде, Деонтей 30 күнге шартты түрде бас бостандығынан айырылып, екі жылдық сынақ мерзіміне кесілді. Сондай-ақ 60 сағаттық қоғамдық жүмыстарды атқаруы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер