Теннис

Федерация кубогы: Путинцева есепті теңестірді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация кубогында Азия/Океания аймағының плэй-офф кезеңінде Жапонияға қарсы матчта есепті теңестірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл қос құрама теннисшілері арасындағы екінші ойын болатын. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс қарсыласына есе жіберіп алған болатын.

Юлия жапониялық Нао Хибиноны 6: 3, 6: 4 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат, 27 минутқа созылды.

Енді Зарина Дияс пен Юлия Путинцева бірлікте жапониялық жұпқа қарсы кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер