Футзал

Испаниялық бапкер: Соңғы жылдары Қазақстан мен «Қайраттың» жанкүйеріне айналдым

news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық «Мембрилья» жастар құрамының бас бапкері Хайме Арройо Вилья Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Какау мен қақпашысы Игита Испания чемпионатына ауысады деп үміттенеді.

«Соңғы жылдары мен Какаудың, Игитаның, Қазақстан мен «Қайраттың» жанкүйеріне айналдым. Какау қазақстандық футзал үшін көп нәрсе жасады. Жақын арада Какау мен Игитаны Испания чемпионатында көремін деп үміттенемін», - деді Вилья.

Айта кетейік, Қазақстан мен Испания биылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында кездесіп, финалға испан футзалшылары өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер