Қазақстан ұлттық құрамасын Станимир Стоилов баптайды

Қазақстан ұлттық құрамасын Станимир Стоилов баптайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін «Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стоилов ұстауы мүмкін. Бұл туралы Болгария ақпарат құралдары хабарлап отыр.

Негізі Стоиловтың Қазақстан құрамасын баптауы мүмкін екені жайлы біздің сайтта бұдан бұрын да жазылған болатын.

Мамандардың болжамына сенетін болсақ, болгариялық бапкер Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында португалиялық «Спортингке» қарсы қос кездесуден кейін жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін.

Жақында Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерсіз қалған болатын. Ал Қазақстан футбол федерациясының басшылары бұл орынға Станимир Стоилов ең лайық деп есептейітн көрінеді.

ҚФФ басшылары тәжірибелі маманнан «Астана» командасындағы қызметінен кетуді сұрамауы да мүмкін. Себебі, қыркүйек айына дейін ұлттық құраманың ресми ойыны жоқ. Сол уақытқа дейін Стоилов мырзаның клуб пен құрамадағы жұмысты қатар алып жүруге де мүмкіндігі жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер