Жеңіл атлетика

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы кубогының екінші кезеңі өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Алдағы ақпан айының 17-18 күндері Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Рсепубликасы жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Осы жарыста қазақстандық жеңіл атлеттерге әлем чемпионатының нормативін орындауға мүмкіндік бар. Айта кетейік, 1-4 наурыз аралығында Бирмингемде жабық кешендегі әлем чемпионаты өтеді. Әзірге Қазақстан атлеттерінде екі жолдама ғана бар.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына (IAAF) соңғы нақты тізімді 19 ақпан күні тапсыру қажет. Енді Өскеменде әлем чемпионатының нормативін орындап қалу мүмкіндігі жоғары спортшылар қатарында әйелдер арасында 400 метрге жүгіретін Элина Михина мен Светлана Голендованы бірінші кезекте айтуға болады. Жақында аталған спортшылар жабық кешендегі Азия чемпионатының алтын мен күмісін олжалаған.

Иран астанасында Светлана финалда 53.28 секундпен бірінші келсе, Элина – 53.49 секундпен екінші болған еді. Әлем чемпионатының нормативі – 53.15 секунд. Егер екеуі де тағы да сәл талпынса, Тұманды Альбионға жолдары түсуі мүмкін.

Жоғары да біз екі жолдаманың бар екенін айттық. 2017 жылы қыркүйекте Ащхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында Михаил Литвин ерлер арасында 400 метрге жүгіруден норматив орындаған еді. Сондықтан Литвинге 1 ай көлемінде дүниежүзілік додаға алаңсыз дайындала берсе болады. Екінші жолдаманың иесі – Ольга Рыпакова. Бірақ еліміздің ең үздік жеңіл атлеті қысқы маусымдағы жарыстарға қатыспайтынын мәлімдеген.

Ұлттық құрама бапкерлері 4х400 метрлік эстафетаға жүгіретін қыздар құрамасын қатыстыруды көздеп отыр. Иранда Светлана Голендова, Элина Михина, Виктория Зябкина, Аделина Ахметова төрттігі жақсы нәтиже көрсеткен болатын.

Әлем чемпионатына қатысатындардың саны толмаса, нәтижесі нормативке жақын спортшыларды шақырады. Қазақстаннан бірінші кезекте Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Мария Овчинникова мен Ирина Эктова (екеуі де – үш қарғып секіру) мүмкіндігі жоғары.

Айта кетейік, әлем чемпионатының нормативін орындауға 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2018 жылдың 19 ақпанына дейін уақыт берілген.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер