Жеңіл атлетика

Азияның рейтингінде үздік ондыққа енген жеңіл атлеттер

news-banner7
mobile-news-top

Азия жеңіл атлетика қауымдастығы (ААА) өзінің ресми сайтында 2017 жылғы маусымда үздік нәтиже көрсеткен спортшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz Қазақстан Рсепубликасы жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңіл атлетикадағы 49 сайыс түрінен үздік ондыққа енгендер арасында қазақстандық атлеттер де бар. Жалпы, сары құрлықтың 28 елінің спортшылары тізімге кірген.

Атап өтсек, 12 спортшымыз жекелеген сайыс түрінен үздік ондыққа еніпті. Оның ішінде тоғызы – әйелдер, үшеуі – ерлер. Сондай-ақ әйелдердің 4х100 метрлік және 4х400 метрлік эстафета құрамасы бар. Ал Ольга Рыпакова мен Виктория Зябкина өз сайыс түрінен көшбастап тұр.

Әйелдер:

100 метрге жүгіру

1. Дьюти Чанд (Үндістан) – 11,30 сек. Дели, 15.05.17

4. Виктория Зябкина – 11,33 сек. Алматы, 24.06.17

6. Ольга Сафронова – 11,37 сек. Бішкек, 17.06.17

7. Рима Кашафутдинова – 11,38 сек. Алматы, 13.05.17

200 метрге жүгіру

1. Виктория Зябкина – 22,81 сек. Алматы, 14.05.17

4. Ольга Сафронова – 23,11 сек. Алматы, 13.06.17

400 метрге жүгіру

1. Сальва Эйд Насер (Бахрейн) – 49,88 сек. Брюссель, 01.09.17

7. Элина Михина – 52.55 сек. Тайбэй, 30.04.17

Биіктікке секіру

1. Чжен Синцзюань (Қытай) – 1,91 м Чжэнчжоу, 13.04.17

6. Надежда Дубовицкая – 1,84 м Алматы, 16.05.17

Ұзындыққа секіру

1. Тхи Тху Тхао Буй (Вьетнам) – 6,68 м Куала-Лумпур, 25.08.17

7. Ольга Рыпакова – 6,50 м Алматы, 13.05.17

Үш қарғып секіру

1. Ольга Рыпакова – 14,77 м Лондон, 07.08.17

3. Мария Овчинникова – 13,94 м Алматы, 24.06.17

6. Ирина Эктова – 13,77 м Алматы, 24.06.17

7. Екатерина Эктова – 13,76 м Алматы, 14.05.17

4х100 метрлік эстафета

1. Қытай – 42,59 сек. Тяньцзинь, 07.09.17

2. Қазақстан (Р. Кашафутдинова, В. Зябкина, С. Голендова, О. Сафронова) – 43,03 сек. Алматы, 24.06.17

4х400 метрлік эстафета

1. Қытай – 3.30,95 мин. Тяньцзинь, 07.09.17

6. Қазақстан (С. Голендова, А. Ахметова, Э. Михина, М. Ишангулиева) – 3.37,95 мин. Бхубанешвар, 09.07.17

Ерлер:

200 метрге жүгіру

1. Се Чженье (Қытай) – 20,20 сек. Тяньцзинь, 05.09.17

7. Владислав Григорьев – 20,58 сек. Алматы, 14.05.17

Сырықпен секіру

1. Сюэ Чанжуй (Қытай) – 5,82 м Лондон, 08.08.17

6. Сергей Григорьев – 5,65 м Бусан, 13.05.17

Ядро серпу

1. Теджиндер Пал Сингх (Үндістан) – 20,40 м Патиала, 02.06.17

2. Иван Иванов – 20,00 м Алматы, 12.06.17

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер