Қысқы

ХХIII қысқы Олимпиада ойынының алауы тұтанды

ХХIII қысқы Олимпиада ойынының алауы тұтанды
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды.

Ашылу салтанатының дәстүрлі парадында Қазақстан құрамасы спортшылары да жүріп өтті.

Олимпиада алауын тұтату құрметі мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының алтыны мен күмісін жеңіп алған Ким Ёнаға бұйырды. Ал оған Олимпиада алауын Оңтүстік және Солтүстік Кореяның хоккейші қыздары әкеліп берді.

Естеріңізге салсақ, Олимпиада ойынына Қазақстанның 46 спортшы 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі.

Олимпиадада жалпы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер