Теннис

Қазақстан Федерация кубогында өз тобында бірінші орын алды

Қазақстан Федерация кубогында өз тобында бірінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Дели қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Федерация кубогы үшін Қазақстан мен Қытайдың екінші кездесуінде Юлия Путинцева мен Яфань Ван күш сынасты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады

Бұл қос құрама теннисшілері арасындағы екінші ойын болатын. Бұған дейін Қазақситанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс қытайлық қарсыласын оңай жеңген.

Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 81-інші орында тұрса, қытайлық спортшы 125-інші сатыда келеді. Тартысты өрбіген матчта бірінші партияны Ю.Путинцева 6:4 есебімен ұтты. Екінші партияда Я.Ван дәл осындай есеппен есе қайырды. Үшінші, шешуші партияда 6:1 есебі тіркеліп, қазақстандық теннисші еңіске жетті.

Осылайша, жұптық ойынның нәтижесіне қарамастан, Қазақстан құрамасы А тобында жеңімпаз атанды.

Енді олар В тобында үздік шыққан Жапония құрамасымен ІІ Әлемдік лиганың плей-офф кезеңіне берілетін жолдаманы сарапқа салады. Жапондықтар сапында әлемнің 90-ыншы және 130-ыншы ракеткалары Нао Хибино, Мию Като сынды ойыншылар бар.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар бұдан бұрын өз тобында Гонконг теннисшілерін 3:0, үндістандықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер