TasBet01
Футзал

Қазақстан құрамасы финалда ойнауға лайық

Қазақстан құрамасы финалда ойнауға лайық
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футзалдан Еуропа чемпионатының финалына шыққан командалар белгілі болады.

Финалға үміттілер қатарында Какау бастаған Қазақстан құрамасы да бар. Олардың қарсыласы атынан ат үркетін Испания құрамасы болмақ. Екі жыл бұрын біздің құраманы жартылай финалда дәл осы Испания тоқтатқан болатын. Ол кезде сары қағазынан байланысты қақпашы Игита командаға көмектесе алмаған. Топтық кезеңдегі Ресеймен ойында аяғын сындырып алған Акбаликовтан өзгесі бүгінгі ойынға сақадай сай.

Бразилиялық маман Какау осы турнир барысында Еуропа чемпионаты аяқталысымен Қазақстан құрамасынан кететіндігін айтқан.

Алматылық «Қайрат» футзал клубы да жазда бас бапкерсіз қалмақ.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде алдымен Польша құрамасын жеңсе, екінші ойында Ресеймен тең түскен.

Ширек финалда Сербияны сан соқтырып, жартылай финалға жолдама алған.

Енді Қазақстан құрамасына финалға шығатын тамаша мүмкіндік болып.

Ол үшін бұған дейін екі рет жолдарын кеcкен Испанияны ұту керек.

Болжам:

Қазақстанның жеңісі - 7,48.

Жалпы тотол 5,5-нан көп 2,74.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер