Қысқы

Қазақстан Олимпиада ойынында қанша жүлде алуы мүмкін

Қазақстан Олимпиада ойынында қанша жүлде алуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Төрт жыл бұрын Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойынында Қазақстан құрамасы қоржынына жалғыз қола жүлде түскен болатын. Еліміздің жанкүйерлері Қазақстан құрамасынан көбірек жүлде күтіп еді. Алайда ел үмітін тек Денис Тен ғана ақтай алды.

Prosports.kz бүгін басталатын Оңтүстік Кореядағы Олимпиадада Қазақстан құрамасы қанша жүлде жеңіп алуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көреді.

Шаңғы жарысы

Сочи Олимпиадасында бұл спорт түрінен жалғыз үміт артқан спортшымыз Алексей Полторанин болатын. Бұл жолы да дәл солай. Биылғы маусымда Алексей соңғы екі жылда алғаш рет жүлделі орынға ілікті. Әлем Кубогының төрт кезеңінен медальмен оралды. Оның екеуінде тұғырдың ең биік сатысына жайғасқан болатын.

Пхенчхан Олимпиадасында Полтораниннен кемінде қола жүлде күтетініміз жасырын емес. Ал өзге шаңғышыларымыз үшін үздік отыздық қатарына ілінудің өзі үлкен жетістік болар еді.

Бұл спорт түрінен ресейліктердің қатыспайтынын ескерсек, жүлденің басым бөлігі Норвегия еліне кететін болар.

Болжам: 1 қола

Фристайл

Бұл да біздің жүлде күтетін спорт түріміз. Себеп те жоқ емес. Маусым бойында біздің спортшылар фристайлдан жақсы нәтижелерімен қуантып келеді. Әсіресе, Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхердтың жетістігі керемет. Жанбота Алдабергеновадан да жақсы нәтиже күтеміз. Сәттілік серік болып жатса, аты аталған спортшылар жүлделі орыннан көрініп қалуы керек.

Фристайл спортында төрешілерге де көп нәрсе байланысты. Сочиде Юлия Галышеваға көпе-көрнеу қастандық істелді. Бұл жолы «бармақ басты, көз қыстыға» орын болмайтын шығар деген үміттеміз.

Болжам: 1 алтын, 1 күміс

Картинки по запросу денис тен

Мәнерлеп сырғанау

Сочи Олимпиадасында Денис Тен мықтылар қатарында болған еді. Жанкүйерлер жүлделі орынғы ілінуі мүмкін спортшыларды атағанда Тен алдыңғы қатардан көрінетін. Бұл жолы бәрі басқаша. Бір ғажап болмаса, Денистің жүлде алуы екіталай.

Қыздар арасында бәсекелестік мүлдем өршіп тұр. Элизабет Тұрсынбаева үшін үздік жетілік қатарынан көріну керемет нәтиже саналса, Айза Имамбек үшін еркін бағдарламаға қатысудың өзі үлкен жеңіс.

Болжам: Жүлде болмайды

Биатлон

Соңғы уақытта биатлоннан біздің спортшылардың нәтижесі жақсарды. Кейбірі ТОП-15 қатарына үнемі ілініп жүр. Дегенмен біздің спортшыларымыздың ешбірі үздіктер қатарынан емес. Сондықтан да қандай да бір жүлдеге қол жеткіземіз деп айту қиын. Әйелдер арасындағы эстафетада жоғары нәтиже көріп қалуымыз мүмкін. Жекелей сында Галина Вишневская үшін үздік ондыққа іліну керемет көрсеткіш саналмақ.

Болжам: Жүлде болмайды

Шорт-трек

Шорт-тректе жұрт күтпеген нәтижелер көптеп кездесіп жататыны жасырын емес. Қазақстан бұл спорттан үнемі жүлделі болып жүрген елдер қатарына кірмейді. Дегенмен Сочи Олимпиадасы көрсеткендей командалық эстафетада әртүрлі жағдайлар болып қалуы ғажап емес. Жекелей сында да жүлделі орыннан көрінбесек те, жоғарғы нәтижеге үміттіміз.

Болжам: Жүлде болмайды

Пхенчхан Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы қатарында Азия ойындарының чемпионы, Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы да, тіпті, әлем чемпионы да бар. Дей тұрғанмен, бүгінгі таңдағы коньки спортының мықтыларымен теке-тіресу мүмкін болмай тұр.

Қалай болған күнде де біз қазақстандық спортшыларға соңына дейін жанкүйер боламыз.

Болжам: Жүлде болмайды

Тау шаңғысы

Өкінішке қарай, тау шаңғысы спортынан жүлдеге үміттілер қатарында біздің бірде бір спортшымыз жоқ. Игорь Закурдаев пен Мария Григорова үшін Олимпиада ойынына қатысудың өзі үлкен мәртебе саналады. Бұл спортшылар өз мүмкіндіктерін сәтті орындай алса да үлкен олжа.

Болжам: Жүлде болмайды

Шаңғымен трамплиннен секіру

Бұл спорт түрінен Қазақстандық спортшылардың немен айналысып жүргені белгісіз. Әлем Кубогы кезеңдерінде, тіпті, іріктеуден де өте алмай жүрген қазақстандықтардан Олимпиада ойындарында жүлде күту күлкілі болар еді.

Болжам: Жүлде болмайды

Шана спорты

Бұл спорт түрін біз Олимпиада ойындары кезінде ғана естиміз. Сондықтан да, бізде бұл спорттан жалғыз жолдама болар. Жекелей сында жарыс жолына түсетін Никита Копыренко үшінші немесе төртінші кезеңге шығып жатса, Олимпиада ойынына бекер бармаған болар еді. «Ең бастысы - қатысу» дегенді осындай кезде айтатын шығар...

Болжам: Жүлде болмайды

Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы барлық жүлдесі:

МЕДАЛЬ

Өткен Орны

Спортшы

Спорт түрі

ДИСЦИПЛИНА

Алтын

Лиллехаммер-1994

Владимир Смирнов

Шаңғы жарысы

50 км.

Күміс

Лиллехаммер-1994

Владимир Смирнов

Шаңғы жарысы

10 км.

Күміс

Лиллехаммер-1994

Владимир Смирнов

Шаңғы жарысы

15 км.

Қола

Нагано-1998

Владимир Смирнов

Шаңғы жарысы

15 км.

Қола

Нагано-1998

Людмила Прокашева

Коньки спорты

5000 м

Күміс

Ванкувер-2010

Елена Хрусталева

Биатлон

Жекелей сын

Қола

Сочи-2014

Денис Тен

Мәнерлеп сырғанау

Ерлер. Жекелей сын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер