Бокс

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегіне арнайы белбеу дайындалады

news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс кеңесі орта салмақтағы чемпион, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші кездесуге арнайы белбеу дайындайды.

«5 мамырда өтетін жекпе-жекке жаңа белбеу әзірленіп жатыр. Оны Мексиканың бұрынғы президенті Адольфо Лопес Матеос құрметіне арнаймыз», - деді WBC президенті Маурисио Сулейман.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер