Criminals
Басқа

«Төрт ағайынды» тобының мүшелері мұнайды қалай тонағанын айтып берді

«Төрт ағайынды» тобының мүшелері мұнайды қалай тонағанын айтып берді
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбе облысының арнайы ауданаралық сотында Байған ауданы, «Ащыкөл» кен орнынан мұнай өнімдерін тонау қылмыстық ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы күнге дейін іске қатысы бар 26 адам жауапқа тартылуда. Олардың барлығы мұнай өнімдерін заңсыз сақтап, саудалап, тасымалдағаны үшін айыпталуда. Басты фигурант - «Төрт ағайынды» ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасар.

Естеріңізге салайық, бұған дейін сот тыңдалуында айыпты Саясат Дүсіпов пен Бағлан Үмбетов кінәсін толығымен мойындап мұнай өнімдерін қылмыстық жолмен тауып өткізгенін мәлімдеді.

Ал бүгін мұнай тасымалдау көліктерінің жүргізушілері сот алдында жауап берді. Олар мұнайды ұрлау айла-тәсілдері және қай құқық қорғау органдар қамқоршы болғаны жайлы айтып берді.

«2014 жылы мен Бағлан Үмбетовпен таныстым. Ол мені мұнай тасымалдау үшін жалдаған болатын. Бір сапарға 20 мың теңге төледі. Мен «Ащыкөл» кен орнына екі, ал «Кенкияқ» кен орнынан 10 сапар барып қайттым. Жолға тек түнгі уақытта шықтым», - деді Ережеп Абдамбетов.

Жүргізушінің айтуынша, 2015 жылы оны екі жол полиция қызметкері тоқтатқан. Тасымалдау құжаттары болмағандықтан Бағланға хабарласып мән жағдайды түсіндірген.

«Мен сол сәтте бұл жағдай жайлы Бағлан Үмбетовке телефонмен хабарласып айттым. Кейін подполковник атағы бар заң қызметкері келіп, жағдайды шешіп тастады», -деп анықтап берді соңғы айыпталушы.

Ал Михаил Кожуховский атты жүргізуші барлық сұмдықты жайып салды.

«Мұнай тасымалдау үшін мені Саясат Дүсіпов жалдады. «Ащыкөл» кен орнына еш кедергісіз кірдік, арнайы киімдегі адамдар бізді қарсы алып, менің автоцистернуама мұнай құйып берді. Екі рет барғаныма 40, ал 10 рет сапарға шыққаным үшін 200мың теңгені Бағлан Үмбетовтан алдым», - деді Кожуховский.

Айта кетерлігі, бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы Бағлан Үмбетов Саясат Дүсіповтың аузынан «Рәке» не «Советович» деген лауазымды тұлғаның есімі шыққанын айтқан еді.

Қорғаушылар Бағлан Үмбетовке Саясат Дүсіповтың ҚР ІІМ-нің қылмыстық полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Аханов Рахат Советовичке әр-түрлі соммада қаражат берген қойын дәптеріндегі жазбалар жайлы біліп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер