Велоспорт

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

news-banner7
mobile-news-top

Ал еліміздің ең үздік велотрекшілері бүгін Астанада бас қосып, өзара мықтыны анықтауға кірісті.

Қазақстанның ашық қысқы чемпионатына 200-ге жуық спортшы жиналды. Бұған қоса көрші Ресейден арнайы келіп, өз бағын сынап жатқан шабандоздар да бар. Жарыстың алғашқы күні ересектер командалық спринт және топтық скретч бәсекелері бойынша сынға түсті. Бұған қоса дәл осы қашықтықта жасөспірім қыздар мен жігіттерде үздікті анықтады. Қысқы ел чемпионаты 4 күнге созылады және жарыстың ажалпы қорытындысы тек алдағы аптада белгілі болады.

Айта кетейік, дәл осы бәсеке велотректен 2018 жылғы маусымның алғашқы жарыстарының бірі және осы ақпан айында Малайзияда өтетін Азия чемпионатына соңғы дайындық болып есептеледі. Құрлықтық дода 16-20 ақпан аралығында өтеді.

http://24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер