Қысқы

ШҚО-да спортшы қыз жаттығу кезінде ауыр жараланып, комаға түсті (фото)

ШҚО-да спортшы қыз жаттығу кезінде ауыр жараланып, комаға түсті (фото)
news-banner7
mobile-news-top

Жаттығу кезінде жарақат алған 19 жасар өскемендік спортшы Надежда Соснова ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Устинка LIVE-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға «Алтай тау шаңғысы» базасында болды. Спорт жаттығуы кезінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан спортшы қыз бір сәтте орманға қарай ұшып кетеді.

Туыстарының айтуынша, Надежданың ішкі ағзалары қатты жарақат алған.
Фото желіден алынды.

Фото желіден алынды.

Атап айтар болсақ, бауыры жарылып, бас-ми жарақаты мен қоса, әр түрлі сынықтар болды, деп жазады Altaynews.kz.

№1 қалалық аурухананың дәрігерлерінің ақпараты бойынша, жарақаттан кейін спортшы комаға түсіп, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Кейінірек туыстарының мәлімдеуінше, спортшы есін жиған.

Фото желіден алынды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер